Қабылдауда болған 9 азамат баспана алу, жұмысқа орналасу, көппәтерлі тұрғын үйді басқару қызметі және жер телiмiн алу сынды мәселелердi көтердi.
Азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдарын жауапты сала басшыларымен бiрге мұқият тыңдаған Миржан Сатқанов айтылған мәселелер назарға алынып, заң аясында орындалатынын түсiндiрдi. Жауапты тұлғаларға (бөлім басшылары мен кент әкімдеріне) өз құзыреттері шегiнде айтылған жайттарды шешуге қатысты бiрқатар тапсырмалар берді.
Қабылдауда баспана және жер телімін сұраған азаматтарға мәселелердiң заңды тұрғыдан шешілуіне байланысты нақтылы бағыт-бағдар берiлді.