Жыл басынан бері Оралда 12 ана «Алтын» және 64 ана «Күміс» алқамен марапатталған

Жыл басынан бері Оралда 12 ана «Алтын» және 64 ана «Күміс» алқамен марапатталған
Бүгін олардың қатары тағы да толықты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қарашадағы №1079 Жарлығымен бүгін оралдық 3 ана «Алтын алқаға», 6 ана «Күміс алқаға» ие болды.
Көп балалы аналарға марапатты Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов тапсырып, өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесіне қосып отырған үлестері үшін аяулы аналарға алғысын білдірді.