Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік ортада қолайлы моральдік-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу, қоғамға етене араластыру, мемлекет пен қоғамның әр саласының тарапынан көрсетілетін қызметтерін бір жерден алуға мүмкіндік беру, өз қабілеттерін іске асыруға мейлінше тең мүмкіндіктер туғызу мақсатында сала мамандары қабылдау жүргізеді.
Шараға Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің облыстық департаменті, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқарма, Орал қаласының әкімдігі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, білім беру бөлімі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, кәсіпкерлік, құрылыс бөлімі мен жол полициясы, салық комитеті, «Отбасы банкі» өкілдерінің қатысады.
Осыған байланысты мүгедектігі бар тұлғалар өз өтініштерін жолдап, сауал қоюларына мүмкіндіктері бар.
Кеңес алуға ниет білдірушілерді ашық есік күніне шақырамыз!
Өтетін күні: 8.12.2022 ж.
Уақыты: сағ.10.00
Мекенжайы: М.Ықсанов көшесі, 46/1
Байланыс нөмірі: 51-99-99