Жұмыс мерзімі - 12 ай, еңбекақы - 30 айлық есептік көрсеткіш (2022 жылы 91 890 тг). 2021 жылы жастар практикасы бойынша жұмыс мерзімі 6 ай және еңбекақы 25 АЕК көлемінде төленді.
Сонымен қатар «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ 29 жасқа толмаған жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар жолданады. Халықты жұмыспен қамту орталығы 18 ай ішінде 30 айлық есептік көрсеткіш (2022 жылы 91 890 тг) көлемінде еңбекақы төлейді. Кейін жұмыс беруші кем дегенде 12 айға тұрақты жұмысқа алып қалуға міндеттенеді. 2021 жылы алғашқы жұмыс орны жобасы бойынша жұмыс мерзімі 12 ай және еңбекақы 20 АЕК көлемінде төленді.
Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Нұржановтың БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Орал қаласында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік шараларды жүзеге асыру туралы» брифингінен