Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов бүгін Желаев селолық округі тұрғындарымен жүздесті

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов бүгін Желаев селолық округі тұрғындарымен жүздесті
Кездесуде селолық округ әкімі Арман Бисимбалиев округтің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен келесі жылға жоспарланған жұмыстар жайынан тұрғындарды хабардар етті.
Осыдан кейін кездесуге келген тұрғындардың сауал-ұсыныстары тыңдалды. Желаевтық тұрғындар селолық округтің жылдан-жылға дамып келе жатқанын атап өтіп, иесіз иттерді аулау мен электр желілерінің ауа-райының қолайсыз кезеңінде жиі өшетініне қатысты мәселелердің бар екенін жеткізді.
Өз кезегінде қала әкімі электр энергиясындағы іркілістер өзекті мәселе екенін, мұның кезең- кезеңмен шешілетінін атап өтті. Алдағы жылдан бастап облыстың кешенді дамуының жоспарына сәйкес, ескірген электр желілерін алмастыру бойынша жұмыстар жоспарланғанын жеткізді. Сондай-ақ иесіз иттер бойынша да тұрақты жұмыстар атқарылып жатқанын, ол үшін тұрғындарды қалалық ветеринариялық станциямен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау қажеттігін баса айтты. Кездесуге келген тұрғындардың талап-тілектері ескерусіз қалмай, айтылған ұсыныстарға байланысты нақты шаралар қабылданатынын жеткізді.