Бүгін шаһар басшысы Зашаған кентінде халықпен кездесіп, олармен өзекті мәселелерді талқылады.
Алдымен Зашаған кентінің әкімі Аққали Әубекеров кент инфрақұрылымын дамыту, жол, абаттандыру, санитарлық тазалық сияқты басты мәселелерге тоқталып, алда атқарылатын жұмыстарды ретімен таныстырды.
Мұнан соң тұрғындардың сұрақтарына кезек беріліп, ниет білдіргендер «ашық микрофон» форматында түйткілдерді ортаға салды. Олардың қатарында жол жөндеу, қоғамдық көлік қызметі, көппәтерлі тұрғын үйлердің сапасы, иесіз иттерді аулау сияқты өзекті мәселелер бар. Кездесуде халық сұранысын қанағаттандыруға басымдық берген қала әкімі тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдады. Шаhар басшысы көтерілген әр мәселені шешу бағытындағы жоба-жоспарларға жеке-жеке тоқталып, барлық талап-тілектің назарда болатынын жеткізді.
Кездесуден кейін жеке қабылдауда тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын әкім мен оның орынбасарларына, дербес бөлім басшыларына тікелей қоюға мүмкіндік алды.