Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов Деркөл кентінің тұрғындарымен кездесті

Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов Деркөл кентінің тұрғындарымен кездесті
Тұрғындармен кездесуде алдымен кент әкімі Жұбан Жұмағалиев атқарылған жұмыстар мен алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Осыдан кейін кент тұрғындарының сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды.
Тұрғындар кент көшелерін жарықтандыру, жолдарды асфальттау, қоғамдық көлік жиілігін арттыру, кентке қарасты елді-мекендерге кірме жол салу т.б. мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, қыс мезгілінің басталуына орай кент тұрғындарын көшелерді қардан тазарту мәселесі алаңдататынын айтты. Осы тұста кенттегі кәсіпкерлер қар тазалау жұмыстарына арнайы техника ұсынуға ниетті екендіктерін жеткізді.
Жиын соңында шаһар басшысы қойылған сауалдардың ескерусіз қалмайтындығын, айтылған ұсыныстарға байланысты тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, нақты шаралар қабылданатынын атап өтті.