Орал қаласында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында 184 орында жаяу жүргіншілер өткелдеріне сыртқы жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Орал қаласында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында 184 орында жаяу жүргіншілер өткелдеріне сыртқы жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Басты мақсат - жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету.
Жарықтандыру жұмыстары аясында негізінен Ескі әуежай, Құрылысшы, Екінші жұмысшы шағынаудандары мен қаланың өзге де бөліктері қамтылады. Жоба аясында жаңадан 246 бағана орнатылып, 910 жарықдиодты шамдар қондырылатын болады. Жарықтандыру жұмыстары осы жылдың соңына дейін толығымен аяқталатын болады.