Орал қаласы әкімінің орынбасары Асхат Көлбаевтің төрағалығымен ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатты пайдалану тақырыбында шаруа қожалықтарымен жиын өтті

Орал қаласы әкімінің орынбасары Асхат Көлбаевтің төрағалығымен ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатты пайдалану тақырыбында шаруа қожалықтарымен жиын өтті
Жиынға Орал қаласы прокурорының орынбасары А.Унаев, БҚО жер ресурстарын басқару департаментінің бас маманы Н.Сағындықов, Орал қаласының жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары М.Мұхитов, Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Ғұмаров, қалаға қарасты кенті және селолық округ әкімдері мен шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.
Басқосуда ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатты игеру, игерілмеген жағдайда мемлекет меншігіне қайтару туралы мәселелер қарастырылды. 2022 жылы жүргізілген тексерістер мен мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер туралы БҚО жер ресурстарын басқару департаментінің бас маманы Н.Сағындықов баяндама жасаса, Орал қаласының жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары М.Мұхитов 2022 жылдың 10 айы бойынша жүргізілген мониторинг қорытындысымен таныстырды.
Жиын соңында қала әкімінің орынбасары А.Көлбаев шаруа қожалықтарына жайылымдық, егістік, шабындық жерлерді мақсатты пайдалану қажеттігін ескертіп, құзіретті органдарға тексеріс жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.