–Құтқарушы мамандығы – қайсарлық пен батылдықты, кәсіби шеберлік пен жеделдікті қажет ететін өте жауапты мамандық, оның басты міндеті – адам өмірін құтқару. Қазіргі таңда төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде шешуге қабілетті, жедел әрекет ететін қуатты және шұғыл жүйесі қалыптасты. Табиғи құбылыстар мен әртүрлі сипаттағы апаттардан азаматтарды қорғауда қаламыздың өрт сөндіру бөлімдерімен қосқанда 400-тен аса төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері өз ісін жоғары әрі кәсіби деңгейде абыроймен атқарып келеді. Мамандарымыздың кәсібилігі, жұмысқа деген адалдық пен ерліктерінің арқасында, тынымсыз жұмыстың нәтижесінің арқасында мыңдаған адамдардың өмірлері құтқарылып, көптеген жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта сіздердің кәсіби шеберлігіңіз, батылдығыңыз бен қайсарлығыңыз адамдарды құтқару игілікті ісіне қызмет ететініне толық сенемін, – деді шаһар басшысы.
Шаһар басшысының құттықтауынан кейін Орал қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Амангелді Ешмұханов сөз алып, қиыны мен қызығы қатар жүретін жауапты қызметтегі әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.