Шаһар басшысы бүгін «Достық үйі» ғимаратында тұрғындармен кездесті. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.
Тұрғындардың басым көпшілігінің сауалы тұрғын үй, қаңғыбас иттерге қатысты болды.
Қала әкімі кездесуге келген тұрғындардың сұрақтарына нақты жауап беріп, тұрғын үй, құрылыс, коммуналдық салалар бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Жиын соңында алдағы уақытта қала тұрғындарымен бетпе-бет тұрақты кездесіп тұратынын айтқан шаһар басшысы мұндай кездесулерде халықтың қажеттіліктері ескеріліп, қаланың дамуына оң ықпал ететінін жеткізді.
Кездесуден кейін шаһар басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.