Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қаламыздағы волонтер жастармен кездесті

Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қаламыздағы волонтер жастармен кездесті
Жиынға шаһардағы белсенді ұйымдар мен оқу ордаларының жанынан құрылған бірлестіктердің мүшелері қатысты.
Сан салада жүйелі жұмыс атқарып жүрген 50-ге тарта волонтер шаһар басшысына өз сауалдарын жолдап, ұсыныстарын жеткізді.
Мәселен, шаһарда медициналық волонтерлықты дамыту, волонтер жастар арасында спартакиада ұйымдастыру, волонтерлықпен айналысатын барша ұйымдардың басқосуымен үлкен жобаны жүзеге асыру бағытындағы ұсыныстарын білдірді. Кездесуде шаһар басшысы ұсыныстардың ескерілетінін жеткізіп, жастарға алғысын білдірді.
Осы тұста қаладағы әртүрлі қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, еріктілер қозғалысын дамытуға өз үлестерін қосып жүрген жастарға Миржан Мұнайдарұлы ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті.