Бүгін республика аумағында кезектен тыс Президенттік сайлау өткізілуде. Сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастап, қазіргі уақытта ерекше сайлаушыларды қабылдауда. Ерекше деуіміздің себебі, сайлаушылардың арасында кәмелеттік жасқа толып, алғашқы рет дауыс берген тұрғындар да бар.
Құралай Ақболатова Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің студенті. Осы жылы 18 жасқа толып, сайлау құқығына ие болған жас сайлаушы бұл мүмкіндікті қалт жібермей, өзінің азаматтық борышын абыроймен орындады.
Жас студенттің айтуынша, алғашқы рет сайлауға қатысу өте қызықты, әрі үлкен жауапкершілікке ие сәт. Өйткені, еліміздегі тарихи күні оның да дауысы ескерілетін болады.
Сонымен қатар, аталған білім ордасында дауыс берген жас сайлаушыға естелік сыйлық табыс етілді.
БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі