Қоғамдық көліктер күнделікті кестесіне сәйкес жүреді. Тегін қоғамдық көліктер қала ішіндегі және қала маңындағы барлық бағыт бойынша күні бойы қатынайтын болады. Ал қала маңындағы саяжайлардан сол күні сағат 07.00-12.00 аралығында сайлау учаскелеріне дейін автобустар шығарылатын болады.