«Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ — құрылыста пайдаланылатын материалдарды шығаруға мамандаған еліміздің ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын бүгінде облыстың силикат кірпіші мен әкке деген қажеттілігін толық өтейді. Бүгінгі таңда өндіріс орнында 450-дей адам жұмыс істеуде.
Жиын барысында шаһар басшысы қалада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жарықтандыру, қоғамдық көлік, жол және ауыз су мәселелері жайында айтып өтті.
Осыдан кейін кәсіпорын қызметкерлері бірқатар сұрақтар қойды. Осының негізінде шаһар басшысы жағдайды зерделеу және шаралар қабылдау үшін жоспар жасалатынын жеткізді. Сондай-ақ кездесуден кейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жиын соңында «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Мұхаметжан Кенжеғұлов өндіріс орнына келіп, қызметкерлермен кездесу өткізген қала әкіміне ризашылығын білдірді.