180 пәтерлі тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысын «AQJAIYQ ӘКК» АҚ тапсырысымен «Алтим» ЖШС құрылыс компаниясы жүргізген. Жалпы аумағы – 10583,5 шаршы метр.
Аталған тұрғын үй кешені тұрғын үй кезегінде тұрған «Отбасы банк» салымшыларына берілді.
Жаңа пәтер иелерін Орал қаласы әкімінің орынбасары Асхат Көлбаев құттықтап, кілттерін табыстап,шаңырақтарына ырыс-береке тіледі.