Мерекелік іс-шараға орай, сағат 16.00-ден бастап Қазыбек би көшесі (ҚР Тұңғыш Президенті алаңы жанындағы жол), Тәуелсіздік (бұрынғы Московский) көшесінен Әбілқайыр хан даңғылына дейін жол жабылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты көліктеріңізді «Теннис орталығының» артында, Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі,«Салтанат сарайы» мен «Қадыр Мырза Әлі» атындағы өнер орталығының алдында орналасқан автотұрақтарға қоюларыңыз сұралады.