Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов «Орал«Зенит» зауыты» АҚ қызметкерлерімен кездесті

Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов «Орал«Зенит» зауыты» АҚ қызметкерлерімен кездесті
«Орал«Зенит» зауыты» АҚ - өңіріміздегі көшбасшы әрі ежелгі кәсіпорындардың бірі.
Өз тарихында арнайы теңіз техникасын шығарумен танылған зауыт қазіргі таңда өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді шығарумен айналысады. Бүгінде бұл кәсіпорында 750-ге жуық қызметкер еңбек етуде.
Жиында барысында шаһар басшысы алдымен өндіріс орнының еліміз үшін маңызын атап өтіп, қызметкерлер жұмысына сәттілік тіледі. Осыдан кейін қалада атқарылып жатқан жұмыстар барысынан хабардар етті.
Өз кезегінде сұрақ қоюға мүмкіндік алған зауыт жұмысшылары қаладағы қоғамдық көлік,тұрмыстық қалдықтарды арнайы орынға тастамау, жарықтандыру, көпқабатты үйлердегі ПИК-тің жұмысына қатысты мәселелерді көтерді. Қала әкімі барлық сұрақтар назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Сонымен қатар, тазалық жұмыстарына қатысты қала тазалығына тұрғындардың да жауапты екенін атап өтті.
Жиын соңында «Орал«Зенит» зауыты» АҚ-ның бас директоры Вячеслав Валиев кәсіпорынға арнайы келіп, қызметкерлермен кездесу өткізген қала әкіміне ризашылығын білдірді.