«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ - қаламыздағы мұнай және газды өндіру және тасымалдауға арналған жоғары технологиялық жабдықтарды, энергетикалық жабдықтарды, металл конструкцияларын және өзге де машина жасау өнімдерін әзірлеу және өндірумен айналысады.
Жиында барысында Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қалада атқарылып жатқан жұмыстар барысынан хабардар етті.
Осыдан кейін тұрғындар сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Сұрақтардың басым бөлігі абаттандыру, жарықтандыру, қоғамдық көлік сияқты тұрғындарды алаңдататын мәселелерге қатысты болды.Жиын барысында барлық қойылған сұрақтар бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.
-Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы - еліміз үшін маңызы зор кәсіпорынның бірі. Бүгінгі кездесуге келіп, сұрақтарыңызды қойғандарыңыз үшін қызметкерлерге алғыс білдіремін. Біз өз кезегімізде әрқашан диалогқа ашықпыз, сіздердің тілектеріңізді тыңдап, қаланың барлық тұрғындары үшін жайлы жағдай жасауға тырысамыз,- деді шаһар басшысы жиын соңында.