Бұл жасалып жатқан жұмыстар «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында жүзеге асуда.
Биыл бағдарлама аясында 9 үйдің шатыры жаңғыртылып, Жуков көшесі,15/1 мекенжайындағы тұрғын үйдің жеделсатысы ауыстырылды. Сондай-ақ, шатыры жөнделген Абай даңғылы,55 мекенжайындағы тұрғын үйдің қабырғасын қайта қалау жұмыстары жүргізілді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және қайта жаңғырту жұмыстарына көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын әрбір пәтер иесі белсенді қатысып, жиналыстар өткізіп, жасалатын жұмыстардың көлемін есептеп, өтініштерін береді. Соның негізінде жобалық-сметалық құжат жасақталып, сараптамадан өткізіліп, жұмыстар жалғасады.