Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов оралдық көпбалалы аналарға 4 «Алтын алқа» және 9 «Күміс алқа» табыс етті

Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов оралдық көпбалалы аналарға 4 «Алтын алқа» және 9 «Күміс алқа»  табыс етті
Көпбалалы аналарға наградаларын табыс еткен қала әкімі Миржан Сатқанов:
«Бұл - аналарымыз үшін ең лайықты марапат. Сіздер – нағыз үлгі боларлықтай жансыздар. Ел демографиясын көтеріп, бала тәрбиесімен жан-жақты айналысып, ұлттық құндылықтарымыздың жоғалмауына зор үлес қосып жатырсыздар. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін», – деді шаһар басшысы өз сөзінде.
Жиын барысында көпбалалы аналар да уақыт бөліп құттықтаған қала әкіміне өз ризашылықтарын жеткізді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Оралда жыл басынан бері 9 ана «Алтын» және 58 ана «Күміс алқамен» марапатталған.