2022 жылғы 29 қазанда Орал қаласындағы 123 сайлау учаскесінің комиссиясының барлық мүшелері ОСК сайтында ҚазақстанРеспубликасындағы сайлау үдерісі заңнамасын білуге арналған онлайн тестілеуден сәтті өтті.
29 қазан мен 5 қараша аралығында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 1073 комиссия мүшесі тәжірибелік семинарлардан өткен оқу курстарын аяқтады. Тренинг соңында сертификаттар табыс етілді.
Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясында полиция қызметкерлерімен, Саңыраулар қоғамының (МҚҚ) мүшелерімен сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру тәртібін, дауыс беру тәртібін түсіндіру мақсатында кездесулер мен семинарлар өткізіліп, учаскелік комиссиялардың сайлауға дайындық барысы туралы ақпарат берілді.