Бүгін Орал қаласының әкімі М.Сатқановтың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

Бүгін Орал қаласының әкімі М.Сатқановтың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті
Комиссия отырысында 4 мәселе қаралды.
Алдымен 2022 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық орындарда, көшелерде, отбасы-тұрмыстық қатынас саласында, кәмелетке толмағандар және бұрын сотталған тұлғалардың орын алған құқық бұзушылық фактілері және қылмастары жөнінде, мас күйдегі тұлғалалармен жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу бірлескен іс-қимыл, интернет ресурстары және мобильді байланысты пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының алдын алу шаралар туралы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Константин Недопекин баяндама жасады.
Осыдан кейін БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Орал қалалық пробация қызметінің басшысы Талғат Құрманалиев пен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Исатай Джазықбаев шаһарда пробация қызметі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайынан хабардар етті. Ал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ербол Кушеков қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы баяндады.
Жиын соңында шаһар басшысы халықпен кері байланыс орнату тетігін нығайту басты міндет екенін айтып, алдағы уақытта профилактикалық шараларды күшейту қажеттігін жеткізді.