Бақылау және тексеру қызметі қоғамдық көлікте тегін жүрушілерді анықтайды.

Жол ақысын уақытында төлеп, қажет кезде төлем түбіртегін көрсетулеріңіз сұралады

Бақылау-тексеру қызметі сіздің жол ақысын төлеу туралы чекті сұрауға және тексеруге толық құқылы

Төлем туралы электрондық билетті (Avtobys, Kaspi) және егер төлем қолма-қол өтсе, қағаз билетті көрсету
қажет. Егер бақылау-тексеру қызметі билетсіз адамды анықтаса, онда ол полиция жасағын шақыруға құқылы.
Сондай-ақ, Бақылау-тексеру қызметі пайдаланатын құрылғыда жол жүру ақысын жинау функциясы жоқ екенін ескертеміз! Құрылғы тек төлемді тексеруге арналған!