Биыл Орал қаласында көше бойларын, саябақтар мен скверлерді гүлмен көмкеру жұмыстары қарқынды жүргізілді.
2022 жылы көгалдандыру және гүлзарды күтіп-ұстау жұмыстарымен «Шымкент жасыл қала» ЖШС айналысуда. Олармен үш жылға келісімшарт жасалған болатын.
Жалпы қала бойынша гүлзардың аумағы 28 мың шаршы метрге өсті. Өткен жылы гүлзарлардың аумағы 12 мың шаршы метрді құраған болатын. Негізгі басымдық көпжылдық гүлдерге берілуде. Мәселен биыл қала аумағы бойынша 23 мыңнан астам шаршы метр аумаққа көпжылдық гүлдер отырғызылды.
Шаһар аумағын көгалдандырып, көріктендіру үшін жалпы 44 гүлзарға бархатцы, целлозия, циния, петуния, раушан гүлдері сынды көшеттер егіліп, көгалдар төселді. Қала аумағында 20 мың шаршы метр көгал бар, олардың бірқатары биыл төселген. Сонымен қатар 13 гүлзарда автоматты суару жүйесі орнатылған. Бұл жұмыстар алдағы жылы да жалғасын таппақ.