2022 жылдың 20 қараша Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Орал қаласынан қатысушыларының НАЗАРЫНА

2022 жылдың  20 қараша  Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Орал қаласынан қатысушыларының НАЗАРЫНА

       Орал қаласында 123 сайлау учаскесі қызмет етеді, оның ішінде 14 сайлау учаскесінің қызметі уақытша болады. Барлық сайлау учаскелерінде учаскелік комиссиялар жұмысқа 21 қазандан бастап кіріседі. Комиссиялардың жұмыс кестесі сағат 9.00.-дан 19.00. дейін, күн сайын, үзіліссіз және демалыссыз.

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 24-бабына сай, сайлауға дейін 20 күн бұрын, 30 қазанда сайлаушылар тізімі әрбір сайлау учаскесі бойынша қала әкімінің қолтаңбасымен сайлау учаскелеріне ұсынылады

 Қ олданыстағы заңнамаға сәйкес сайлау науқанына сайлаушылар тізімін тиісті жергілікті атқарушы орган екі себеп бойынша жасайды:1) сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезде жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының негізінде;2) азаматтардың өтiнiшi негiзiнде сайлау заңнамасында белгiленген тәртiппен сайлаушылардың тиiстi тiзiмiне енгiзу туралы жазбаша өтiнiшi бар.Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтініштерін тиісті әкімдіктерге дауыс беру күніне дейін бір айдан кешіктірмей, яғни ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін беруге болады.      Бұл құқықты жүзеге асыруға болады:- дауыс беру күні тіркеу орнында болмайтынын білетін әрбір азамат (мысалы, вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар);- уақытша тіркелген азаматтар;- тіркеусіз азаматтар.        Сонымен қатар, жатақханада тұратын студенттердің сайлаушылар тізіміне енгізілуіне назар аударамыз.       Заңнамаға сәйкес орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі күндізгі оқу нысанының кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқитын, жатақханада тұратын студенттер жатақхананың орналасқан жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізіледі.       Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда, тиісті сайлау комиссиялары тізімдерді сайлаушыларға танысу үшін береді, тізімдердегі қателіктер және дәлсіздіктер туралы өтініштерді қарастырады және оларға тиісті түзетулерді енгізу туралы шешім қабылдайды.     Осы кезеңде сайлаушыларды хабардар ету қызметтері белсенді түрде пайдаланылады.

     Егер сайлаушы өзінің аты-жөнің сайлаушылар тізімінде таппаса, ол жеке куәлігі, сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелген фактісін дәлелдейтін құжат болған жағдайда, сайлаушылар тізіміне енгізу туралы арыз жазады.

Учаскелік сайлау комиссиясы, ұсынылған құжаттарды қарастырып, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 24-бабының 3-тармағына, 25- бабының 1-тармағына, 26-бабының 4-тармағына сай оны сайлаушылар тізіміне енгізеді.

     Сонымен қатар, учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушыларға сайлаудың күні, уақыты және орыны туралы хабарлайды және сайлауға шақыру қағаздарын сайлаушыларға жібереді.

       Шақыру қағаздарында сайлау учаскесінің нөмірі, сайлау уақыты, сайлау учаскесінің мекен-жайы көрсетіледі. Сонымен қатар, шақыру қағазында учаскелік сайлау комиссиясының телефон нөмірі көрсетіледі, ол арқылы сайлаушылар сайлау жөнінде сұрақтар қоя алады.

Егер сайлаушы өзінің тұрғылықты жерін сайлаушылар тізімін жалпы таныстыру үшін ұсынылған  мерзім мен сайлау күні аралығында ауыстырса, сайлаушының арызы және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушыға дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі береді. Сайлаушылар тізімінде ол қоса тіркеледі.

Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі ұсынылғанда сайлау күні учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушыны оның мекен-жайы бойынша сайлау учаскесінде сайлау тізіміне енгізеді.

Өзге сайлау округінде немесе бір елді мекендегі басқа сайлау учаскесінде сайлауға қатысуды талап еткен сайлаушыларға есептен шығару куәлігі берілмейді.

Есептен шығару куәлігін беру сайлау күнінің алдындағы күннің сағат 18-де тоқтатылады.

Егерде кейбір сайлаушылар денсаулық жағдайына немесе отбасындағы ауыратын адамды күтуіне байланысты, сайлауға қатыса алмайтын болса, учаскелік сайлау комиссиясы сайлау күні, жергілікті уақыттың сағат 12 кешіктірілмей жазылған олардың жазбаша өтініші бойынша,  сайлаушылардың мекен-жайында дауыс беруді ұйымдастыруға міндетті.

 

    Белсенді сайлау құқығы бар, Орал қ. қымбатты тұрғындары, сайлау тізімінде өздеріңізді тексеру, сонымен қатар сайлау науқаны туралы қажетті түсініктеме алу үшін, Сіздерді тиісті сайлау комиссиясына шақырамыз.

Сонымен қатар, call-орталығына Сіздерге мына телефон нөмірлері арқылы байланысуға болады: 50-02-55, 50-30-53. Орал қалалық сайлау комиссияның телефоны 24-30-40, 24-30-10

 

                                                                                    Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы