Марафон өтуіне байланысты сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін Н.Назарбаев даңғылы – М.Мәметова көшесі – А.Тайманов көшесі – Алмазов көшесі – Исатай-Махамбет көшесі – А.Құсайынов көшесі бойымен жол қозғалысы шектелетін болады. Сонымен қатар №1, №2, №3, №4, №5, №6, №7, №12, №16, №17, №19, №22, №23а, №27, №35, №39, №43, №49, №52, №53 маршруттардың қозғалыс сұлбасы өзгеретінін мәлімдейміз.
Автокөліктердің қозғалысы Құрманғазы, Мұхит көшелері бойымен жүзеге асырылады. Марафонға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында марафон өткізу маршруты бойынша жеке автокөліктеріңізді қалдырмауыңызды өтінеміз.