«Алқабилер туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы №121 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар алқабилерді іріктеу процесіне Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуын қамтамасыз етеді.
Алқабиге кандидаттардың алдын ала қосалқы тізімін жасау процесінің аяқталуына байланысты 2022 жалғы 3 қазан мен 14 қараша күндері аралығында облыс орталығында тұрақты тұратын азаматтар осы тізіммен мына мекенжай бойынша танысуға болады: Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 182/1, 2- қабат 214- бөлме, Орал қаласы әкімі аппаратының бірыңғай мемлекеттік-құқықтық жұмыстар қызметі бөлімі.
Аталған тізімдегі қателер мен дәлсіздіктер туралы өтініш осы мерзім ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжайда қабылданады.
Телефон 51-06-25.
Орал қаласы әкімі аппараты