2022 жыл басынан Орал қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация есебінде тұрған 58 тұлға жұмысқа орналасу мәселесімен жолығып, жұмыс іздеушi және жұмыссыз ретiнде тiркелген.
–ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 16-бабына сәйкес 36 адам жұмыссыздар есебiнен шығарылды. Оның iшiнде 18-і халықты жұмыспен қамту орталығына барудың немесе оны хабардар етудің осы заңда көзделген мерзiмдерiн дәлелсіз себептермен бұзғаны үшін болса, 8-і өздiгiнен жұмысқа орналасуына, біреуі адам тұрғылықты мекенжайын ауыстыруына, 6-ы адам сотталуына және 2 адам өз өтініші бойынша, қалғандары жұмыстан бас тартқаны үшін есептен алынды. Ал 16 адам мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды. Атап айтқанда 12 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Оның 8-і квота арқылы «Имановский» ЖШС жартылай дайын өнімдер фабрикатына, «Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС, «Талап» АҚ, «Анвар» ЖШС, «Отделстрой» ЖШС-не жолданса, 4 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. Бүгiнгi таңда 7 адам жұмыссыздар есебiнде тұр және олармен жұмыстар жүргiзiлуде. Қазір біздің бұл бағыттағы жұмысымыз дайындалған жоспарға сәйкес жалғасып келеді. Жұмыс тапқысы келетіндерге жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін боламыз, – деді Мағал Төлеуұлы.
Отырыс соңында пробация қызметі есебінде тұрғандар мен сотталғандарды жұмысқа қабылдаған кәсіпорын басшыларына шаһар басшысының алғыс хатын қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов табыстап, жүргізіліп жатқан жұмыстарға қолдау танытқандары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ комиссия мүшелеріне осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыруды тапсырды.