1 қазан — халықаралық қарттар күні. Бүгін қала әкімі Миржан Сатқанов ардагерлерді төл мерекелерімен құттықтады.
—Халқымызда « Қарты бар үйдің — қазынасы бар» деген қанатты сөз бар. Біз қашанда қартын құрметтеген, қариясын сыйлаған халықтың ұрпағымыз. Сіздер бүгінгі күннің өзінде, зейнет жасында болсаңыздар да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, қариялық болмыстарыңызбен жас ұрпаққа бағыт-бағдар, кеңес бере отырып қоғамның алға дамуына зор үлес қосып отырсыздар. Осы сәтті пайдалана отырып, ақылдарыңыз бен үлгі болар өнегелі істеріңіз үшін шексіз алғысымызды айтамын. Сіздерді бүгінгі мерекеде ғана емес, әр күні қамқорлыққа алып, көмек көрсету — перзенттік парызымыз, — деді шаһар басшысы.
Шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек арлагерлері, қаланың құрметті азаматтары қатысты. Олар қала әкіміне құрметі үшін ризашылықтарын жеткізіп, баршаға бейбіт те берекелі өмір тіледі.
Қазыналы қарияларға арнап мерекелік дастархан жайылып, қалалық көркемөнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.