
Орал қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2022 жылдың 22 қыркүйек күні сағат 8:00-23:00 аралығында темір жол өткеліндегі жөндеу жұмыстарына байланысты Жымпиты көшесінен А.Черекаев көшесіне шығатын темір жол өткелі жабылатындығын хабарлайды.
Осыған орай, №39 маршрут автобустары қозғалысы Абай даңғылынан – А.Черекаев көшесі – Г.Бельгер көшесі – Әбілхайыр хан даңғылы – Мирзоян көшесі – Г.Потанин – У.Громова көшесімен әрі қарай бекітілген сұлба бойынша жүзеге асырылады.
№33, №43, №52 маршруттарының қозғалысы Абай даңғылынан – Гагарин көшесі – Айталиев көшесімен әрі қарай бекітілген сұлба бойынша жүзеге асырылады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.