Қала күні мерекесі қарсаңында «Жұлдызды футбол» шоу матч ойыны өтті.

Қала күні мерекесі қарсаңында «Жұлдызды футбол» шоу матч ойыны өтті.
Осы уақытқа дейін көрермендердің ықыласына бөленген жобаның қала күніне орайластырылған кездесуінде əзіл саласының үздіктерінен жиылған «Назар аудар» командасы мен шаһардың даму жолында əр салада еңбек етіп жүрген қызметкерлерден құралған «Қала жұлдыздары» командасы қатысты.
Кездесуді Орал қаласының əкімі Миржан Сатқанов ашып, қатысушы командаларға сəттілік тіледі.
Тартысқа толы ойын нəтижесінде «Назар аудар» командасы жеңіске жетті. Жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.
#қалакүні2022