Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Мәслихат сессиясында Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Қала әкімі депутаттар мен сессияға шақырылғандарды тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, жол құрылысы, қоғамдық көлік қызметі, аулалардың және қоғамдық кеңістіктердің абаттандырылуы, инвестиция тарту және т.б. мәселелердің шешімі туралы хабардар етті.
Мұнан соң депутаттар сөз алып, қала әкімінің бірінші жартыжылдықта атқарған жұмысына оң баға берді және әлі де жетілдіруді қажет ететін мәселелерге тоқталды.
Сессияда «Орал қаласының Құрметті азаматы» атағын беру, қала аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қалалық комиссияның құрамын бекіту, Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы №9-5 «Орал қаласының 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу жөнінде баяндамалар тыңдалды.
Аталған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша қалалық мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.