Бүгін қала әкімдігінде Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Бүгін қала әкімдігінде Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты шараға қатысушыларды қала әкімінің міндетін атқарушы Мирболат Нұржанов мерейлі мерекемен құттықтады.
— Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1995 жылы жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі халықтың маңызды таңдауы болды. 27 жыл бұрын даму мен өркендеудің даңғыл жолы анықталды. Конституция – егеменді еліміздің мемлекеттілігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын бірден-бір басты құжат.
Еліміздің Ата Заңының басты мақсаты – Қазақстанның жайлы тұрмысы мен гүлденуін, адамның құқығы мен еркіндігін, азаматтық келісім мен ынтымақты бекіте түсу. Әрқайсыңыз саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуы жолында, адамдардың алаңсыз еңбек етуі үшін орасан зор еңбек сіңіріп, көздеген меже биіктерінен көрінуге атсалысып келесіз. Ортақ үйіміз – тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамып, гүлдене түсуі жолындағы қажырлы еңбегіңіз өз жемісін әкеле берсін. Осынау қуанышты мереке күні сіздерге зор денсаулық, бақыт, береке, жақсылық пен қуаныш тілеймін! — деді Мирболат Сағынғалиұлы.
Іс-шарада қала әкімнің арнайы мерекелік алғыс хатымен қаламыздағы сот, прокуратура, полиция және мемлекеттік қызмет саласындағы бірқатар қызметкерлер марапатталды. Салтанатты шара көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.