
Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен ,Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК ұйымдастыруымен
Балалар жылы аясында, ҚР Конституциясы күні қарсаңында,С.Датұлының 280 жылдығы және Кеңес Одағының батырлары М.Мәметова мен Х.Доспанованың 100 жылдығына арналған«Тартынбай сөйлер асылмын» атты облыстық оқушылар айтысы оздырылды.
Айтысқа Ақжайық, Сырым, Қаратөбе, Бөрлі, Теректі аудандары мен қатар Орал қаласынан жаса қындар қатысты.
Тартысты бәсекеде халықаралық-республикалық ақындар айтысында топ жарып жүрген А.Бисенғалиев бастаған,
Т.Мықи,Э.Ихсанова,М.Мирланов,Ә.Ахметов, Е.Мұхамбетов сынды айтыстың тарландары қазылық етті.
Жас ақындарға айтыстың тарландары болған дүлдүлдердің арнайы жүлделері табысталды:
- Хамит Әбілов атындағы арнайы жүлде Наурызғали Абзал (Ақжайықауданы) ;
- Ботакөз Баймұханова атындағы арнайы жүлде Ақбөбек Самигуллиева (Орал қаласы);
- Асылбек Ишанов атындағыарнайыжүлде
Нұрым Амангелді (Сырым ауданы);
- Александр Қауенов атындағы арнайы жүлде Қанатқали Әділхан (Орал қаласы);
- Жаңыл Жұрмағамбетова атындағы арнайы жүлде Әлішер Сүндетов (Орал қаласы) ;
- Жаңылай Меңдіғалиева атындағы арнайы жүлде Заманбек Оразкелдиев (Бөрлі ауданы);
Қорытындысында:
- ІІІ орын ДілназИсмағұл (Теректіауданы)
- ІІ орын Бекзат Баян (Орал қаласы)
- І орын Досхан Бекболатұлы (Қаратөбе ауданы)
Оқ бойы оза шауып, қарсыластарын шаң қаптырған
Айару Асланбекқызы (Орал қаласы) Бас жүлдені қанжығасына байлады
Барша жас ақындарды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақ өнерінің шыңы болған айтыс өнері жандана берсін!