Жаңа оқу жылы қарсаңында Орал қаласы мектептері жаңа модификациялық кабинеттер жабдықталды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Орал қаласы мектептері жаңа модификациялық кабинеттер жабдықталды.
«Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру» бағдарламасы бойынша білім ұйымдары физика биология, химия, география, информатика, математика, қазақ тілі, тарих, АӘД, еңбек мен Stem-лаборатория, лингафон кабинеті, дефектолог-логопед кабинеттерін алу жоспарланған болатын.
Қазіргі уақытта №4, 5, 9, 10, 12, 19, 21, 22, 24, 26, 36, 37, 38, 40, 42, 43, 49 және Круглоозерный мектептерінің кабинеттері жабдықталды. Сонымен қатар бірнеше мектепке кабинеттерді жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Пәндік кабинеттерді жабдықтаумен қатар мектептерге интерактивті тақта, ақпараттық киоск алу және оқушылар үшін рухани жайлы орта қалыптастыру мақсатында коворкинг орталықтарын ұйымдастыру жұмыстары да жүргізілуде.
Айта кетейік, өткен жылы мектептерге жалпы саны 62 кабинет сатып алынған болатын. Заманауи талапқа сәйкес құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – білім беру сапасын жақсартуда оң ықпалын тигізетін маңызды фактор.