Алдымен Деркөл кентінің әкімі Жұбан Жұмағалиев кентте атқарылып жатқан жұмыстар барысынан хабардар етті. Мұнан кейін қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй сөз алып, өткен кездесулерде тұрғындар көтерген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.
Осыдан кейін кездесу сұрақ-жауап форматына көшіп, қала басшысының орынбасары тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Негізгі сұрақтар спорт және балалар алаңын салу, жол мен жарықтандару, үй жануарларын күтіп-ұстауға қатысты болды. Мирас Рүстемұлы тұрғындарға кездесуде көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен жүзеге асатынын жеткізді.
Кездесуден кейін қала әкімінің орынбасары азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, оларға заң аясында нақты жауаптар берді.