Шаһар басшысы Миржан Сатқановтың тұрғындармен кездесуі жалғасуда.

Шаһар басшысы Миржан Сатқановтың тұрғындармен кездесуі жалғасуда.
Қала әкімі «Халық шығармашылығы орталығында» осы аумаққа қарасты «Ет комбинаты», «Агрореммаш» зауыты аудандары тұрғындарымен кездесіп, жергілікті тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді тыңдады.
Кездесуге келген тұрғындардың басым көпшілігі көппәтерлі
тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу, қоқыс контейнерлерін көбейту, аталмыш аудандарда әлеуметтік нысандар салу мәселелерін қозғады.
Шаhар басшысы әрбір проблеманың шешу жолдарын айтып, барлық талап-тілектің назарда болатынын жеткізді.
Жиыннан кейін М.Сатқанов 11 азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдап, әрбір тұрғынның мәселесіне заңға сәйкес түсініктеме берді.
Айта кетейік, Орал қаласының әкімі 20 тамыз күні сағат 10:00-де Круглоозерный кентіндегі Серебряково жалпы орта білім беретін мектебінде және сағат 15.00-де Зашаған кентіндегі №30 мектепте тұрғындармен кездесу өткізеді.