Шаһар басшысы алдымен осыған дейінгі өткен кездесулерде тұрғындар көтерген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Осыдан кейін кездесу сұрақ-жауап форматына көшті.
Кездесуге келген тұрғындардың басым көпшілігі жол мен жарықтандыру, абаттандыру, тұрғын үйге қатысты сұрақтарын қойып, шешу жолдарын талқылады.
Тұрақты кездесуден кейін қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, олардың барлығына да заң аясында нақты жауаптар берді.