Көгалдандыру жұмыстары барысында М. Мөңкеұлы алаңы, Зашаған кенті,Тұңғыш Президент алаңы, Астана және Қадыр Мырза Әлі шағынаудандары және Орал қаласының жалпы аумағы абаттандырылып жатыр. Қазіргі таңда шаһар бойынша көгалдандыру жұмыстарымен «Жасұлан флора» ЖШС және «Шымкент Жасыл қала» ЖШС мердігер мекемелері айналысуда. Олар көшеттер, гүлзарларға көп жылдық және бір жылдық гүлдер отырғызу жұмыстарынан бөлек, оны қырқу, тазалау, суару жұмыстарында атқарады.
Шаһардағы гүлзарларға көп жылдық және бір жылдық гүлдер отырғызу бойынша жұмыстармен биыл «Шымкент жасыл қала» ЖШС мердігер мекемесі айналысады. Олар жоспарға сәйкес ауданы 28 мың шаршы метр аумақты құрайтын 44 гүлзарды және автомобиль жолдарының жиегін көгалдандыру, ескі топырақты 10 мың шаршы метр аумақтың гүлзарларын ауыстыру және 40 гүлзарға автоматты суару жүйесін орнату бойынша жұмыстарын атқаруда.