«Зачаганский» бау-бақша серіктестігінің №3 қоғамдық көлік жүретін Сарыарқа көшесіне жол салу жұмыстары басталды. Жол салу жұмыстарын “Тоби” ЖШС жүргізуде. Жалпы ұзындығы - 4 650 метр.

«Зачаганский» бау-бақша серіктестігінің №3 қоғамдық көлік жүретін Сарыарқа көшесіне жол салу жұмыстары басталды. Жол салу жұмыстарын “Тоби” ЖШС жүргізуде. Жалпы ұзындығы - 4 650 метр.

- Бұл аудандағы жол мәселесі - көп жылдардан бері қордаланып, қала әкімінің кездесулерінде көтеріліп келе жатқан мәселе. Құс фабрикасында қазіргі таңда 12 мыңнан астам тұрғын тұрады. Көптен күткен жолдың арқасында енді балалар балабақша мен мектепке, азаматтар жұмысқа еш қиындықсыз жете алатын болады. Қазіргі таңда асфальт төсеу жұмыстары басталды. Жол жөндеу жұмыстарын күз мезгілінде толықтай аяқтау жоспарланып отыр, - деді Зашаған кентінің әкімі Аққали Әубекеров.