Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов ресейлік «Қызыл Жұлдыз» компаниясының бас директоры Андрей Кусовпен кездесті.

Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов  ресейлік «Қызыл Жұлдыз» компаниясының бас директоры Андрей Кусовпен кездесті.
«Қызыл Жұлдыз» ЖШС – суды тазарту процестеріне арналған химиялық реагенттердің жаңа түрін әзірлеумен және өндірумен айналысады. Сонымен қатар ағынды суларды қайта тазартып қолдану жұмыстарын жүргізеді.
Басқосуда тараптар өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын белгіледі. Шаһарда жаңадан заманауи технологияларды қолдану арқылы кәріздік тазарту станциясын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақтау үшін меморандумға қол қойды.
Келісімшарт шаһардың кәріз жүйесін дамытуға, үздік тәжірибелермен алмасуға және жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.