Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
 
10 тамыздан бастап қаланың қоғамдық көліктерінде жол ақысын қолма-қол төлеу ересектерге - 150 теңге, балалар үшін - 70 теңге болатынын хабарлаймыз.
Электронды төлем жасау бұрынғы қалпында қалады: ересектер үшін - 80 теңге, балалар үшін - 40 теңге.
Қала аумағындағы барлық 27 бағытқа электронды билеттеу жүйесі орнатылған. Сіз жол ақысын көлік немесе банк картасы, QR-код немесе Каспий - QR көмегімен төлей аласыз.
Қолма-қол есеп айырысу үшін сараланған тариф жолаушылар көлігі жұмысының тиімділігін арттыру, жергілікті бюджетке қосымша салық түсімдерін алу мақсатында, сондай-ақ көрсетілген қызметтер санына бақылауды күшейту үшін енгізіледі.