Қауіпсіз жаз

Қауіпсіз жаз

"Қауіпсіз балалық шақ-2022" ведомствоаралық акциясы аясында Орал қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құқық қорғау органдарымен бірлесіп көшпелі отырыс өткізді.

Отырысқа қатысушылар Орал қаласының колледждері мен кешкі мектебінде бір жыл бойы білім алудан жалтарған, қаңғыбастыққа бейім "тәуекел тобының" балаларын аралады. Атаулы алдын алу жұмыстарын жүргізуге, оның ішінде балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері бойынша түсіндіруді, жазда олардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға көмек көрсетуді қоса алғанда, баса назар аударылды.

 Бұдан әрі Комиссия мүшелері жасөспірімдер қылмысының алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қаңғыбастыққа бейім балаларды анықтау мақсатында қалалық полиция басқармасы ұйымдастырған "жасөспірім" рейдтік іс-шараларына қатысты.

Мәлімет үшін, шілде айында қалада бірқатар рейдтік іс-шаралар өткізілді, оның қорытындысы бойынша түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және ата-анасының еріп жүруінсіз болған 73 кәмелетке толмаған анықталды.

Акция шаралары жалғасуда!