Бүгін қала әкімі Миржан Сатқанов тұрғындарды қабылдады.

Бүгін қала әкімі Миржан Сатқанов тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауға қатысқан азаматтардың басым көпшілігі тұрғын үй мәселесін көтерді. Шаһар басшысы тұрғын үйді кезекпен алудың тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ айтылған мәселелер қолданыстағы заң аясында қаралып, осының негізінде ұсыныстар қабылданатынын алға тартты. Бұдан бөлек, қабылдауға жазылған азаматтарға тұрғын үйге қол жеткізуге мүмкіндік беретін бағдарламалар туралы мәлім етті.
Қала әкімі қабылдауда көтерілген өзге де мәселелердің ретімен шешілетінін айтып, тиісті бөлімдерге тапсырмалар берді.
Еске сала кетейік, қала әкімінің және орынбасарларының онлайн қабылдауына 51-28-86 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады. Сонымен қатар, электрондық үкімет порталы арқылы немесе әкімдікке қабылдауға өтінім беруге болады.