«Халық қатысатын бюджет» жобасының дауыс беру қорытындысы анықталды.

«Халық қатысатын бюджет» жобасының дауыс беру қорытындысы анықталды.
Аталған жоба аясында биыл талаптарға сәйкес келетін 5 жоба дауыс беруге жіберілген болатын. Дауыс беру 22 маусым мен 11 шілде аралығында Орал қаласы әкімдігінің ресми сайтында жүргізілді. Барлық жобалар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты. Дауыс беру нәтижесі төмендегідей:
1. Хай-Тек стоматологиясына іргелес аумақты абаттандыру (сквер) — 56 дауыс берілді;
2. Зачаганск кентіндегі Жеңіс алаңы (мүсінмен немесе естелік белгісімен) — 2 дауыс берілді;
3. Зачаганск кенті, Жәңгір хан көшесі, №17 үй маңындағы сквер құрылысы — 2 дауыс берілді;
4. Есқалиев көшесімен Ықсанов көшесінің қиылысында сквер құрылысы — дауыс берілмеген;
5. Жайық өзенінің жағалауында әткеншек-орындықтар орнату - 10 дауыс берілді.
Нәтижесінде көп дауыс жинаған Хай-Тек стоматологиясына іргелес аумақты абаттандыру (сквер) және Жайық өзенінің жағалауында әткеншек-орындықтар орнату жобалары жеңімпаз деп танылды. Аталған жобалық ұсыныстар алдағы уақытта жүзеге асатын болады.