«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі

 

Мемлекеттік қызметті «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш қабылдау және оның қорытындысын:

  • көрсетілетін қызметті беруші (ЖҚ және ӘББ) ММ;
  • кент, ауыл, ауылдық округ әкімі;
  • «электрондықүкімет» веб-порталы

 

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтың әкіміне жазған өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті және/немесе құжатты ұсынады.

 

    Табысын есепке алмай ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері, Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстегендер, концлагерьлердегі кәмелетке толмаған тұтқындарына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде коммуналдық шығындарды өтеуге;
  • көру қабілеті нашар екінші топтағы мүгедектер мен қант диабетімен ауыратын мүгедектреге қғамдық көліктерге (таксиден басқа) жол жүруге өтініш берген кезден бастап 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
  • медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес амбулаторлық емделу кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
  • кепілдік берілген әлеуметтік топтама аясында аз қамтылған отбасылардағы (атаулы әлеуметтік көмек алушылар) жалпы білім беретін мектептерде оқитын он бес жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға қоғамдық көлікпен (таксиден басқа) оқу жылы ішінде жол жүруге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
  • иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясы бар балаларға 2 (екі) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде.

 

Табысын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек (жылына 1 рет) көрсетіледі:

Әлеуметтік маңызы бар ауру тұлғаларға  (онкология, жүйелі қызыл волчанка, АИТВ) 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

18 жасқа дейін мүгедек балаларға;

жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емделуге жіберілген мүгедектер және мүгедек балаларға облыстан тыс жерлерге жол жүру құжаттарын (билеттерін) ұсынған кезде, шығу пунктінен межелі орынға дейін және кері қайтуға плацкарттық вагон орнының құны мөлшерінде, облыстың аумағында жол жүру құжаттарын (билеттерін) ұсынған кезде, шығу пунктінен межелі орынға дейін және кері қайтуға билет құны мөлшерінде;

табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) өмірлік қиын жағдайда қалған сәтінен бастап үш ай ішінде 50 (елу) айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерде;
         қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

 

Табысын есепке алып біржолғы әлеуметтік көмек көрсету

жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің        70 %-нан (жетпіс) аспайтын  (25 299 теңге) азаматтарға (отбасыларға), мүгедектерге тұрмыстық қажеттіліктеріне 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін
негіздемелер

       Әлеуметтік көмек:

  • алушы қайтыс болған;
  • алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
  • алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
  • алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

 

            Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері: 

  • өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
  • өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
  • адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту жүзеге асырылады.

 

  Ақпарат алу үшін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы №161 үй, 15, 16 бөлме мекен-жайына жолығуға болады, телефон 93-35-61, 93-35-73. Жұмыс кестесі: сағат 9:00-18:30, түскі үзіліс сағ. 13:00-14:30