2022 жылдың 14 шілдеде сағат 10.00-12.00 аралығында (жергілікті уақытпен) «Адал көмек» жобасы аясында тұрғындарды мәселелері бойынша қабылдау өтеді!
Жобаның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Шара барысында жер алу кезегінің тәртібі туралы кез-келген мәселе бойынша тегін заң көмегі көрсетіледі.
Өтетін орны: БҚО, Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 89/1 үй, «Antikor оrtalyǵy» сервистік орталығы
Анықтама және онлайн тіркелу үшін байланыс телефоны: WhatsАpp +7(701) 182 17 77.