Бүгін 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу мәселелері бойынша Орал қаласы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Сондай-ақ отырыста кондоминиум нысанын басқаруға және қаланың кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең төменгі мөлшерін, бекіту, коммуналдық қызметтер тізбесін, олардың қызметтерді ұсыну қағидаларын, көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелерінің жеделсатыларды жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі үйлерді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидалары, Орал қаласының бірыңғай сәулеттік келбетін беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша сұрақтар қаралды.
Қала бюджеті негізінен жұмыспен қамту, мәдениет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері бойынша артқан.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары ТҮКШ бөлімінің жаңғырту бағдарламасына енгізілген. Бағдарламаға қатысу үшін үй тұрғындарының 70% келісімі қажет. Бұдан басқа бұрын осы бағдарлама бойынша барлық қаражат тек республикалық бюджеттен бөлінген болса, енді жоба-қаулы енгізіліп, қаржыландыру қала мен облыс бюджеттерінен де бөлінетін болады.