Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов суға батып бара жатқан адамды құтқарған жасөспірімді марапаттады.

Данил Ягузов — қаладағы №20 мектептің оқушысы. Жуырда жасөспірім өжет мінез танытып, адам өмірін құтқарып қалған. Данил әдеттегідей достарымен Шаған өзеніне шомылуға барады. Бір мезетте достарының бірі суда ер адамды байғанын, оның тыныс алмайтындай көрінгенін айтады. Данил дереу ер адам жатқан жерге жүзіп барады. Оны арқасына салып, жағаға дейін жүзіп келеді. Сол жерде ер адамды «Жедел жәрдемге» тапсырады.
Қала әкімі Данилдің осы ісі нағыз ерліктің үлгісі екенін айтты:
—Өз өміріңе қауіп төнуі мүмкін екенін білсең де, жанқиярлық батылдық таныттың. Ең бастысы, бәрі сәтті аяқталды. Ата-анаңа дұрыс тәрбие бергені және бойыңда асыл қасиеттерді дамытқаны үшін алғысымды білдіремін. Бұдан былай да мейірімділікке және қамқорлық жасауға ұмтыла бергейсің. Болашағың жарқын болсын, — деді ол кездесуде зор ризашылықпен.
Шаһар басшысы Данил Ягузовті алғыс хатпен марапаттап, ноутбук сыйға тартты. Осындай ержүрек ұлды өмірге әкеліп, тәрбиелеген анасына гүл шоқтарын табыс етті.